Айдарымыздың келесі белсенді жасы Базарова Индира Ерланқызы
1 наурыз «Nur Otan» партиясының құрылған күні, бүгінде 22 жыл толып отыр. «Nur Otan» еліміздің ең басты саяси күшіне айналған партия екені сөзсіз.
Осы орайда біз ауданымыздың партия қатарындағы белсенді жастарды «Партия жастары» атты айдар арқылы сіздердің назарларыңызға ұсынамыз ...
Айдарымыздың келесі белсенді жасы Базарова Индира Ерланқызы
«Болашақ» бөбекжайының педагог-психологы.
1. Дүниеге келген жерім: БҚО, Шыңғырлау ауданы
2. Ең сүйікті авторым және шығармам: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
3. Ең қызықты оқиға: 2020 жылдың ақпан-наурыз айларында Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында машықтан өткен кезім. Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыстануым ерекше есте қалды. Себебі өмірлік азығым болатын мамандығымның қыр-сырын сол жерден үйрендім.
4. Хоббиім: Қол моторикасы және поэзия оқу
5. 20 жылдан кейін өзімді ауданымыздың гүлденуіне, дамуына үлесін қосқан және елімізге еңбегі сіңген білікті маман, тұлға ретінде көремін.
6. Сүйікті фильмім: Жау жүрек мың бала . Өйткені өте мағыналы және тарихи фильм.
7. Мүмкіндік болса қандай тарихи тұлғамен жүздесер едіңіз: Қазақтың Қыз Жібегі Меруерт Өтекешовамен кездесер едім.
8. Ең ойға сыйғысыз арманыңыз: Әлемді құтқаруға қабілетті бір тылсым күш иегері болу.
9. Сізді достарыңыз қалай атайды: Достарым Индира деп атайды.
10. Қандай тылсым күшке ие болғыңыз келеді? Неге? Жаңа нәрселерді тез үйренетін тылсым күшке ие болғым келеді.
