Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Крис Сфирис «Carino»
Бейнематериал авторы – Levonbastion «Природа осени»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Қайда жүрсің, сен жаным, сағындырып?
Сен деп жатыр, әндерім, көп жазылып.
Естейсің бе, оқисың ба әйтеуір?
Арамызда, өте алмайтын бір көпір.
Жүрегіме от салып, сен лаулатып,
Өте шықтың жұлдыздай, ағып өтіп.
Кете бардың, сен мені, адастырып,
Сонда да, тұрмын әлі, сені күтіп.
Іздеймін, мен сені махаббатым,
Бұл тағдырға, қояр ем, бірақ сұрақ.
Жауапсыз, таусылды ма тағатым?
Әйтеуір, тұрмын үнсіз, жолға қарап.
Қайтейін, білемін ғой, өмір жалған,
Мен үшін, алдамшы боп, енді қалған.
Шаршадым-ау, шаршадым, мен тосудан,
Бекер қиял, бекер, бекер армандаудан.