Аягөздік белсенді жастар тұрғындарға ыстық шай ұсынды
Қытымыр аяздың келуі мен ауа райының нашарлауына байланысты жастар мен белсенділерден құралған еріктілер тобы «Жылулық сыйла» атты ауқымды акция ұйымдастырды. Қатты аяз күндері адамдар көп жиналатын жерлерде – базарларда, аялдама кешендерінде және тағы басқа жерлерде ыстық шай таратады.

