Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аягөзде «Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалы сайлауалды штабының ашылу салтанаты өтті

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының басшысы Бауыржан Байбек атап өткендей, 216 өңірлік сайлауалды штаб жұмысына еліміздің 7 мыңдай белгілі де беделді азаматтары жұмылдырылған. Бұлардың қатарында праймериз жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері, қызметтегі депуттар және басқалар бар. Олардың әрқайсысына арнап жеке үгіт-насихат жоспары және сайлаушылармен кездесу кестесі әзірленген.

Аудандық сайлау комиссиясында біздің 28 кандидаттан тұратын партиялық тізіміміз тіркелді. Оның ішінде 24 – адам праймериз жеңімпазы, 4- адам партия филиалының квотасы бойынша. Партия басшылығының тапсырмасы сәйкес біздің ауданда сайлауалды Штаб құрылды. Штаб құрамына 39 адам кірді. Бұл біздің аудан тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие адамдар – мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері, сондай-ақ мәслихат депутаттығына 28 кандидат. Штабтың 30 мүшесі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие.

Сонымен қатар, штаб жанынан біздің өңірдің жас ұрпақтары арасында кең және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылды. Оған біздің «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған белсенділері, сондай-ақ біздің жастарымыздың сеніміне ие болған партияның жас жақтастары кірді.

4
0
237

Осы тақырып бойынша

Аягөзде «Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалы сайлауалды штабының ашылу салтанаты өтті - Yvision.kz