Аягөз локомотив пайдалану депосының ұжымымен кездесу
«Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидат Қ.Оспанов және аудандық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар К.Габдуллина, К.Досиханов, Б.Умбетов теміржол саласы қызметкерлерімен кездесу өткізіп, үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғаны атап айтылды.

