Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аягөз аудандық «Nur Otan» филиалының кезектентыс XXII конференциясы өтті.

Сонымен қатар, аудандық сайлауалды бағдарламасы да бекітіліп, облыстық конференцияға қатысуға делегаттар сайланды.

Конференция барысында облыстық мәслихаттың партиялық тізімге үміткерлер арасында пікірсайыстар өтті. 6 үміткердің ішінен партиялықтар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы аудандық өкілдік квотасына сәйкес 3 үміткерді таңдады.

«Защита» отын қоймасының бастығы Қанат Оспанов, «№6 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернатпен» КММ-нің директоры Лазат Молдашева және Аягөз ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының директоры Ермек Сабитов ең көп дауыс жинады.

Еске сала кетейік, Аягөз ауданында 11 бастауыш партия ұйымына біріктірілген 2 мыңнан астам партия мүшесі бар.

0
0
144

Осы тақырып бойынша

Аягөз аудандық «Nur Otan» филиалының кезектентыс XXII конференциясы өтті. - Yvision.kz