Аягөз аудандық мәслихатына арналған «Nur Otan» партиясының тізімі жасалды

Делегаттар 28 адамнан тұратын партиялық тізімді бекітті, онда әйелдердің үлесі 32,1% , жастардың үлесі 21,4%-ті құрады. Қызмет салалары бойынша - білім беру (46,7%), денсаулық сауқтау (10,7%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және өнеркәсіп (10,7%), шағын және орта бизнес (7,1%), ауыл шаруашылығы (3,6%), мәдениет және спорт(3,6%) салаларының өкілдері.

Конференция барысында облыстық мәслихаттың партиялық тізімге үміткерлер арасында пікірсайыстар өтті. 6 үміткердің ішінен партиялықтар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы аудандық өкілдік квотасына сәйкес 3 үміткерді таңдады.

«Защита» отын қоймасының бастығы Қанат Оспанов, «№6 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернатпен» КММ-нің директоры Лазат Молдашева және Аягөз ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының директоры Ермек Сабитов ең көп дауыс жинады.

Еске сала кетейік, Аягөз ауданында 11 бастауыш партия ұйымына біріктірілген 2 мыңнан астам партия мүшесі бар.
