Автошеру мәресіне жетті
Еліміздегі ең үлкен мереке – Тәуелсіздік күні. Осынау ұлы күнге орай, әрі Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауына қолдау көрсету мақсатында «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен кеше басталған мерекелік автошеру бүгін өз мәресіне жетті.
Аудан орталығы – Есік қаласынан бастау алған шеруге қатысушылар қолдарына мемлекеттік ту мен «Nur Otan» партиясының жалауын жоғары ұстап, 25 округтің орталық көшелерімен жүріп өтті. Автошеруге «Jas Otan» жастар қанаты, еріктілер мен әр салада жеткен өзіндік жетістіктері бар жастар атсалысты.
