Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Автоматтандырылған кедендік жүйе

 

      2012 жылға дейін еліміздің кедендік қызметі толығымен автоматтандырылған жүйеге көшпек. Қазірше бұл сынақтық жоба ретінде Қарғос, Қордай, Ғани Мұратбаев сынды санаулы кедендік бекеттерде іске қосылған. Мамандар бұл жүйені болашақта Ресей мен Қытай шекараларына да қондыруды жоспарлап отыр. Қазақстан республикасы кедендік бақылау комитетінің төрағасы Бердібек Сапарбаев еуропа мен азияны жалғастырған біз сияқты транзиттік мемлекет үшін мұның аса қажеттігін айтадыСондай-ақ, кеденшілер жүкті рәсімдеу ісін де электрондық жүйеге жаппай көшіру керектігін айтуда. Қазір бұл еліміздегі жалпы кедендік бекеттердің 5-еуіне ғана енгізіліпті. Мамандар бұл әдіс сыртқы экономикалық байланысты дамытуға оң ықпал етеді деп санайды. Ең бастысы бұл кедендік қызметтегі жемқорлыққа тосқауыл қоймақ. Бұған әсіресе кәсіпкерлер тарапы аса мүдделі. Алматы қалалық кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасы Тимур Назханов бүгінде кедендік процедуралардың ұзақтығы сыбайластыққа жол ашып отыр дейді.

Осы тақырып бойынша