Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“Автоматтандыру және Телекоммуникация басқармасының” еңбек ұжымымен кездесу

Бүгін облыстық маслихат депутаттығына үміткер Б. Бердібайұлы және қалалық маслихат депутаттығына үміткер О. Сейдов "Автоматтандыру және Телекоммуникация басқармасының” еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Ұжымға «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Қаланы дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау. Ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін дамыту, кәсіпкерлерге қолдау, жолдардың сапасын жақсарту, халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, тұрғын үйге қолжетімділік, медициналық қызмет көрсету мен білім саласын ілгерілету, тең мүмкіндіктер қоғамы, бұқаралық спортты дамыту бағытында мүдделі жұмыстары бар.

Сонымен бірге жиынға қатысушылардан қоғамдық, әлеуметтік мәселелер сөз болып, бағдарлама бойынша қала жұртшылығының лайықты өмір сүру дәрежесін көтеру маңыздылығы талқыланды.

Жиынға қатысушыларды алдағы сайлауда белсенді болуға және "Nur Otan" партиясымен бірге жеңіске жетуге шақырды.

#NurOtan

0
0
149

Осы тақырып бойынша

“Автоматтандыру және Телекоммуникация басқармасының” еңбек ұжымымен кездесу - Yvision.kz