Автобус жүргізушілерімен экспромт кездесу өтті
Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихатқа ұсынылған кандидат, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Е.Юсупов автобус жүргізушілерімен экспромт-кездесу өткізді. Кездесуде үміткер өңірдің "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелері мен басты бағыттарын тыңдаушыларға жеткізді, сондай-ақ ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

