Авиацияда кофенің пайдасы
10000 метр биіктіктегі кофе... әлде біз ойлағандай емес пе?! Егер сіз авияция саласында жұмыс жасайтын болсаңыз, онда бұл сусын түрі сіздің ұзақ уақыттық досыңыз болмақ. Зиян, бірақ жұмысты кофесіз өткізу одан да зиянырақ. Авиация саласында бір белгілі уақыт ағымында жұмыс жасау көп кездерде бола бермейді. Егер сіз пилот немесе бортсерік болсаңыз, онда түнде орындалатын рейстерде кофенің тұрақты тұтынушысы атанасыз. Алайда көп кофе ішуге де болмайды. Себебі, кофені ұзақ уақыт пайдалану реакцияның төмендеуіне, жүрек жұмысының нашарлануы және де ұйқымен байланысты мәселелерге алып келеді. Кейбір жағдайларда жүйке жүйесіне зақым келтіріп, дәм тату рецепторларына да белгілі бір өзгешеліктер ендіреді. Ас қорыту жүйесінің ұшудан ғана емес, тұрақты кофеинді өнімдерді пайдаланудан күйзеліске ұшырап, біраз келеңсіздіктерге тап болуы да әбден мүмкін. Кофе өнімі сіздің тісіңіздің тез сарғайынуа да келтіреді.
тағы да бір “атомды микс” - ол кола мен кофені араластыру.
Бұл бір шәй қасығындағы кофе өніміне бір стақан коланы құйып, ұзақ уақыт араластырып ішу. Бұл сіздің ұйқыңызды ашса да, кейіннен жүрегіңіздің соғу ырғамының ұлғаюына да алып келуі рас. Кофе ең пайдалы өнім болмаса да, ұшу барысында пайдалануға болады, алайда шектеп ішкен абзал!
Онда ұшу барысында не ішуге болады?!
Су, таза су. Көптеген зерттеу нәтижелері ұшу барысында су мен жеңіл қорытылатын тағамдарды жеуге ұсынады. Ал егер сіздің ұшу уақытының 5 сағаттан асатын болса, өзіңізбен біраз жеміс жидек, жаңғақ және же құрма алсаңыз болады. Бортта шемішке шағудың қажеті жоқ.
Болашақ бортсеріктердің құлағына алтын сырға, ВЛЭК өту күндері мен арнайы рейс алдында өтілетін медициналық тексеруде кофе өнімдерін қолданбауға тырысыңыздар. #бортсеріккүнделігі#әуетуралы
