Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауыз суға төленетін төлемді «kaspl.kz» қосымшасы бойынша онлайн төлеу

Мұнайлы ауданының өсу қарқынын есептей отырып, елді-мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселе болуда. Аудан 78% орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтылған. Алайда «Каспий» су тұщыту заводының қуаттылығына сай қазіргі беріп отырған ауыз су көлемі суды құбырмен тұрақты беріп отыруға мүмкіндік бермейді. Завод аудан үшін тәулігіне қысқы мезгілде 7000 м3, жазғы мезгілде 13000 м3 су беріп отыр. Қазіргі таңда Баянды ауылынан тәулігіне 1000 м3 су тұщытатын қондырғыны іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Ауыз су мәселесін оңтайлы шешу мақсатында аталған ауылдан 2021 жылдың жазғы маусымына дейін қосымша 3000 м3 су тұщыту қондырғысын іске қосу жоспарлануда. Су тұщыту қондырғысы іске қосылған жағдайда Баянды ауылымен бірге Дәулет ауылы мен «Бесшоқы» тұрғын үй массивін қосымша ауыз сумен қамтуға мүмкіндік болады. Жоспарланған жұмыстарға сай, аудан 2021 жылдың соңына дейін орталықтандырылған ауыз су құбырымен толық қамтылады. «Каспий» су тұщыту заводының 2022-2023 жылдарға арналған жобалық қуатын арттыру жоспарына сай, ауданның да ауыз су мәселесі оң шешімін табатын болады.

Ауыз суға төленетін төлемді «kaspl.kz» қосымшасы бойынша онлайн төлеу мүмкіндігі бар екендігін хабарлаймыз.

0
0
165

Осы тақырып бойынша

Ауыз суға төленетін төлемді «kaspl.kz» қосымшасы бойынша онлайн төлеу - Yvision.kz