Ауылшаруашылық саласының мемлекеттік қызметшілеріне аттестаттау өткізудің тәртібі түсіндірілді
2017 жылдың бірінші жартыжылдығында біздің елімізде «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер кешенді аттестаттаудан өтеді. Екі айға жуық мерзімде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайла жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері аттестаттаудың кезеңдері, деңгейі және мерзімдері жөнінде түсіндіру шараларын ұйымдастыруда.Ағымдағы жылдың 31 қаңтарда БҚО ауылшаруашылық басқармасында аттестаттау өткізудің тәртібін түсіндіру бойынша семинар-кеңе өткізілді.Аталған шараға Департамент басшысының орынбасары Нұртазин М.С., басқарма басшылығы мен мемлекеттік қызметшілері қатысты.Өз сөзінде Нұртазин М.С. жұмысын басқару, жеделділік, ынтымақтастық, шешімді қабылдау және өзін-өзі дамыту секілді қасиеттер маңызды рөл ойнайтын мемлекеттік қызметшілердің құзіреттілігіне тоқталды. #БҚО #Аттестаттау #Орал #Мемқызмет #2017жыл
