Ауылшаруашылық саласының өкілдерімен онлайн кездесу
«Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Н.Тоқтабаев ауылшаруашылық саласының өкілдерімен онлайн кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кенттегі партияның сенімді өкілдеріне алдағы атқарылатын жұмыс бағыттарын таныстырылды. Бағдарламада тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау бойынша жоспарланған шаралар ескерілгені атап өтілді.

