«Ауылдықтардың мәселесі назарсыз қалмайды!»
2015 жылғы 5 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шұғыл-насихаттық топтардың облыс аудандарына кезекті сапары өтті. Департамент басшының орынбасары – Тәртіптік Кеңес Төрағасы Ә.Қ. Мұқашевтың басшылығымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департамент (бұдан әрі - Департамент) Тайынша мен Аққайын аудандарына барды. 
Аудандық Мәдениет үйлеріндегі әрбір кездесулерге тұрғылықты халықтан бөлек аудан басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, селолық округ әкімдері, мемлекеттік органдар басшылары мен қызметкерлері, фермерлік және шаруа қожалықтарының өкілдері, бизнес қауымдастықтары, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары қатысты. Жалпы шамамен 600 адамдай.

Өз сөз сөйлеуінде Мұқашев Ә.Қ. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен Департаменттің міндеттері туралы толық тоқталып өтті.
Баяндамашы сөз сөйлеуінде жергілікті халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында қоғам мен мемлекеттің ортақ күштерін біріктіруге ерекше назар аударылғанын атап өтті. Бұл сыбайлас жемқорлықты мүлде қабылдамау мәдениетін қалыптастыру үшін әсіресе маңызды.
Мемлекеттік қызметті өтудегі сұрақтары бойынша мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы Е.Ф. Степаненко айтты.
«Мемлекет басшысы қоғам атқарушы үкіметтен нақты және тиімді жұмысты тосып отыр – бұл орталықта, сонымен қатар жергілікті органдардағы кәсіби аппараттар болған жағдайда ғана мүмкін» - деп атап өтті Елена Федоровна.

Тәртіптік кеңестің секретариат меңгерушісі Ж.Ж. Жұмабаев Тәртіптік кеңестің жұмысы және мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау туралы айтты. Ол мемлекеттік қызмет саласындағы қызметтік этика мәселесіне ерекше тоқталды. Бұзушылықтардың негізгі саны мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде болатындығын атап өтті.
2014 жылы Тайынша және Аққайын аудандарында мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мәлімдеді.
Өз кезегінде ауданның мемлекеттік қызметшілері мен кәсіпкерлері мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңды жетілдіру мақсатында өз ұсыныстарын берді.
Мәжіліс қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбындағы бейне роликтер көрсетіліп, Департамент қызметкерлерімен жедел байланыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет сұрақтар бойынша пікірлерімен алысу үшін «СКО кәсіпкерлікті қорғау» (www.zashita-msb.kz) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум-алаңы (www.stop-korrupciya.kz) сайттары көрсетілді.

Мәжіліс аяқталғаннан кейін жұмыс тобы мүшелері аудандарының халыққа түрлі мемлекеттік қызметтерді көрсететін нысандарды, сонымен бірге білім беру мекемелерін аралап өтті.
