Ауылдарда саяси бәсекелестік жоқ – Айдос Сарым
Келер жылдың басына жоспарланған парламенттік сайлау пропорционалды жүйе бойынша өткізілмек. Мамандардың айтуынша, мұндай жүйе Қазақстанға ауадай қажет. Өйткені аймақтарда саяси бәсекелестіктің жағдайы көңіл көншітпейді.
«Біздің елдегі саяси өмір шындап келгенде, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент сынды мегаполистер мен бірнеше облыс орталықтарынан аспайды. Тіпті мемлекеттік емес ұйымдар да қала аумағынан арыға бармайды. Ал ауыл-аймақтарда сол бұрынғы дәстүрлі ұйымдар ғана бар. Осы уақытқа дейін Қазақстанның тәуелсіз тарихында бірде-бір рет ешбір облыста, ешбір қалада, ешбір ауданда белгілі бір саяси топ жергілікті аймақтың балама бюджетін жасап көрген емес», - деді саясаттанушы Айдос Сарым. Толық мақала келесі сілтеме бойынша: https://azattyq-ruhy.kz/politics/16600-auyldarda-saiasi-b-sekelestik-zhok-aidos-sarym
