Ауыл және ауыл шаруашылығы туралы ең үздік шығарма конкурсы!
Конкурс жүлдесі: WWOOF логотипі бар жейде !


Конкурс шарты:
Ауылда қалай демалғаныңыз жөнінде шығарма жазу керек. Ауылдағы демалыс белсенді болуы тиіс!
Белсенді демалыс – яғни, қар тазалау, мал мен құстарды суару және жемдеу, малбағу, қора тазалау, ағаш жару, жылы үйшікте жұмыс істеу, жер қазу, өсімдік суару және отырғыу, саз-балшықтан құрлыс жасау, құдық қазу және т.б.
Шығарма жазу үшін тақырыпты біздің блогтан да таңдауыңызға болады!
Осы жазға, күзге, сондай-ақ қысқа арналған шығармалар мен фотосуреттер қабылданады.
Бізге шығармаларыңыз бен фотосуреттеріңізді (!), сондай-ақ өзіңіз демалған Ауылдың атауын жіберіңіз. Шығарма А4 форматы, 14 шрифтімен есептегенде ең кемі жарты парақ болуы керек.
Шығармалар 17.11.2014 – 17.12.2014 аралығында бір ай бойы жинақталады. 2 жүлде үшін 2 жеңімпаз іріктеліп алынады – 1 ерлер жейдесінің өлшемі L, 1 әйелдер жейдесінің өлшемі S 34/36. Жақсы шығармалар біздің блогымызда жарияланады!
Сыйлықтар Kazpost поштасы арқылы жіберіледі. Мекенжайды біз жеңімпазды анықтағаннан кейін ғана сұратамыз.
