Ауыл тұрғындарымен кездесу
Аудандық мәслихаттың хатшысы Айтуған Шайхимов пен депутат Юлия Ямпольская Үміт апа ауылының тұрғындарымен кездесті. Айтуған Абылайұлы жиналғандарды «Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпараттандырып, ауылдың дамуы туралы өз ойларымен бөлісті. Бұған қоса мәслихат хатшысы ауылдың дамуына, өсіп өркендеуіне тек жергілікті атқарушы органдары ғана емес, тұрғындардың өздері ат салысу қажеттігін атап өтті. Бұны жүзеге асырудың бір көрінісі – ауылдық бюджетті жоспарлауына, яғни жергілікті жиынның жиналысына қатысу қажет. Ауыл тұрғындары жер тапшылығы, құрылысы жүріп жатқан канал, жерді рәсімдеу бойынша сұрақтар қойды. Депутаттар жер комиссиясында екі депутаттың бар екенін және жерді бөлу кезінде басымдылық ауыл тұрғындарына берілетінін айтты. Сондай-ақ құжаттарды рәсімдеу кезінде мұқият болуды ескертті.
