Ауыл тұрғындарымен кездесті.
Ауыл тұрғындарымен кездесті.Еліміз үшін маңызды саяси кезең саналатын сайлаудың өтуіне 2 күн қалды. 10 қаңтар күні əр тұрғын өзі таңдаған партиясына дауыс береді. Бір ай көлемінде партия үміткерлері аудан, ауылдарды аралап, түрлі форматта тұрғындармен кездесулер өткізді. Бүгін аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар М.Айнакулов, С.Кулманов, Б.Бабасов Құмарық ауылы тұрғындарымен кездесті. Кандидаттар партияның алдағы бес жылға жоспарлаған сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі басымдықтармен таныстырып, алға қойылған міндеттерін атап өтті. Сонымен қатар, депутаттыққа кандидаттар "Nur Otan" партиясы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ауыл игілігі үшін жасалатын істер туралы да айтты. Ауыл тұрғындары кездесуде сөз алып, ауылға расында да көптеген қолдаулар мен көмектер көрсетіліп жатқандығын, сол арқылы тұрғындар жағдайының көтеріліп қалғандығын тілге тиек етіп, өз таңдауларын əділ жасауға сенім білдірді.Шара соңында "Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт парақшаларын таратып, сайлауға белсенді қатысуға насихаттады.


