Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметті ауыл шаруашылық еңбеккерлері және еңбек ардагерлері!
Сіздерді егемен еліміз айрықша атап өтетін кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Елбасымыз ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев "Ең бастысы, экономиканың, соның ішінде ауыл шаруашылығының дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұрмай, оның өсуін басқаруды жедел жетілдіре түсу қажет" - атап көрсеткен болатын. Бұл мақсатта Төлеби аудандық ауылшаруашылық саласының еңбеккерлері де еселі еңбек етуде.
Сiздер қажырлы еңбектерiңiзбен елiмiздiң экономикасының дамуымен қатар, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына да қомақты үлес қосып келесiздер. Барлықтарыңызға шын жүректен зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, береке мен бірлік және еліміздің игілігі жолында жаңа табыстарға жете берулеріңізді тiлеймiз!

