Ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық мониторинг қорытындыларын қарады
2020 жылғы 10 қарашада «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшының м.у.а. Н. Самет қатысуымен БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындылары қаралды.
Сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бекітілген жоспардың орындалуы туралы Батыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасыбасшысының орынбасары Д. Умашевтың есебі тыңдалды.
Кездесу қорытындысы бойынша Н. Самет осы мәселені ұңғымаларды бұрғылау бойынша орындалған жұмыстарды тексеру кезінде жұртшылық өкілдерін тарту және өлшеулерді жүзеге асыруды құқықтық регламенттеуді ұсынды.
Батыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы қызметінде анықталған ауыл шаруашылығы саласыңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жою бойынша шаралардың орындалуы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ерекше бақылауында болады.
