Ауыл шаруашылығы саласын дамыту
Қапшағай қалалық мәслихатының депутаты Жылқыбаев Ғабит Актайұлымен ZOOM платформасы арқылы «Ауыл шаруашылығы саласы мәселелері» бойынша кездесу өткізілді. Көтерілген мәселелердің ішінде, ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттарын жетілдіру жолдары бойынша әңгімеледі.
Біздің еліміздің экономикасында аса маңызды орын алатын салалардың бірі — ауыл шаруашылығы саласы. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді игеруді қолға алу, фермерлерге өз өнімдерін сыртқа шығарып өткізу үшін барынша қолдау көрсету, салаға шетелдерден инвесторлар тарту мәселелерін шешуді атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ, қазіргі таңда мал шаруашылығы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға жолдарын дамытуды қолға алу керектігін айтып өтті.
