Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күні

Құрметті ауыл шаруашылығы еңбеккерлері, жерлестер!

Сіздерді, еңбектерің жер жүзіндегі ең қажетті де, аса маңызды қызметке арнаған адамдарды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Халықтың «Ас атасы-нан» деген дана сөзінің терең мағынасы өмірдегі қоғамның барлық даму кезеңдерінде құпталып келеді. Диқандардың, малшылардың, механизаторлардың және де басқа мамандардың еңбек нәтижесі ең алдымен біздің ертеңге деген сенімділігімізге, қоғамдық, саяси тұрақтылығымызға, еліміздің азықты қауіпсіздігіне байланысты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 30 қарашада Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында маңызды міндеттерді атап көрсетті. Ең бастысы, экономиканың, соның ішінде ауыл шаруашылығының дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұрмай, оның өсуін басқаруды жедел жетілдіре түсу қажет екенін қадап айтты. Бұл мақсатта ауданның ауылшаруашылық саласының еңбеккерлері де еселі еңбек етеді деген сенімдеміз.

Ауыл шаруашылығының еңбекшілері мен ардагерлеріне еліміздің өркендеуіне, жаңа еңбек жетістіктеріне жетуге зор денсаулық, ырыс, құт- береке, бақыт тілейміз. Халқымыздың алтын бесігі, асыл қазығы ауылдарымыз гүлденіп, көркейе берсін!

0
0
181

Осы тақырып бойынша

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күні - Yvision.kz