Ауыл шаруашылық саласы
Қобда ауданында семинар өтті. Кездесу барысында аймақтық даму бағдарламасындағы ауыл шарашылық саласының бес жылдық жоспары талқыланды. Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты қанықтыру мәселелері ерекше өзекті болып отыр.
Бүгінгі таңда ауданның бүкіл халқы ауылдық жерде тұрады. Ауданға ауылшаруашылық өнімінің шамамен 10% тиесілі. Ауданға тиімді инвестициялар тарту, өндірісті заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандыру және жаңа технологияларды енгізу арқылы жоғары технологиялық агроөнеркәсіптік кешен құру бойынша жұмыс жалғасады.
Алдыңғы бес жылдық жоспарда біз келесіге қол жеткіземіз:
- 8-ден кем емес инвестициялық жобаны іске асыру,оның ішінде:
· 2021 жылы 2000 бас ІҚМ арналған репродукторлық шаруашылық ашу;
· 2021-2022 жылдары қуаттылығы 1мың және 3мың бас ІҚМ арналған бордақылау алаңдарың құру;
· 2021жылы Қобда ауылында 100 басқа арналған сүт-туарлы фермасын ашу;
· 2021-2022 жылдары Қобда ауылында қуаты 1,5 мың тн көкөніс өсіретін 2 жылыжай құрылысын салу;
· 2022-2023 жылдары сыймдылығы 1500 тн көкөніс сақтау қоймаларын және қуаты 1000 тонна астық қоймасын салу;
· 2024 жылы Қобда ауылында қуаттығы жылына 250 тн ет комбинатын салу;
· 2025 жылы ауданда қуаты 700 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын салу;
- Ірі ауыл шаруашылық құрылымдар мал сатып алу есебінен ірі қара мал басын 41 мыңнан 51 мыңға дейін, жылқыны 12 мыңнан 20 мыңға дейін ұлғайту;
-2025 жылға қарай “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы аясында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 7 жобаны іске асыру;
-Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын цифрландыру (чиптеу, дәлме-дәл егіншілікті дамыту, сандық және озық ақылды фермаларды құру);
- Асыл тұқымды ірі қара мал басын 2,1 мыңнан 11,0 мың басқа дейін ұлғайту;
- Кезең-кезенімен суармалы жерлер көлемін 2,5 мың га дейін (2021ж -900га, 2022ж – 2300га, 2023ж – 2400га, 2024ж- 2500га) ұлғайту;
- Машина-трактор паркін жаңарту мақсатында жыл сайын кемінде 10 бірлік ауылшаруашылық техникасын сатып алу;
- Ауылшаруашылық өнімінің бағасын тұрақтандыру мақсатында жылына кемінде 15 рет ауылшаруашылық жәрменкесін өткізу;
- Ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес түрлерін дамыту (омарта шаруалылығы, жеміс түрлерін өсіру және т.б.).
Бұл шараларды жүзеге асыру азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және фермерлерге барынша қолдау көрсетуге септігін тигізеді.

