Ауыл халқымен кездесу
«Nur Otan» партиясының басты мақсаттарының бірі Еліміздегі барлық аймақтардағы шалғай жатқан ауыл халқымен кездесу, олардың мұң-мұқтажын жоғарыға жеткізу болып табылады. Осы мақсатта бүгін облыстық мәслихатқа үміткер Республикалық және облыстық Саяси Кеңес мүшесі Әбішев Нұралы және фракция мүшесі Қаныбеков Шералы Қарақай ауыл әкімшіліне қарасты Кетебай ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, халықтың пікірлерін тыңдады.
