"Ауыл - ел бесігі" жобасы бойынша атқарылған жұмыстармен танысты
Кентау қаласына қарасты Оранғай, Хантағы ауылдарында "Ауыл - ел бесігі" партиялық жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қоғамдық партиялық бақылау жүргізілді. "Nur Otan" партиясы Кентау қалалық филалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Талғат Садуов, мүшесі Б.Самбетов, Қ.Зайнишев партиялық жоба аясында жөндеуден өткен жолдардың сапасын көрді.
