Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобалары жалғасады

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Гүлдариха Жұмагелдиева мен Дархан Серікбаев «Хантағы» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті.

Ауылдық клубта өткен жиында сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші» - деген Гүлдариха Жұмагелдиева денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салынатындығын айтып өтті.

Ал, Дархан Серікбаев «Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайтындығын жеткізді.

«Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады. Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді» - деді ол.

Осы тақырып бойынша

«Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобалары жалғасады - Yvision.kz