«Ауыл - ел бесігі» партиялық жобасының жүзеге асырылуы бойынша аудан жұртшылығымен онлайн кездесу
Бүгін аудандық филиалда «Ауыл - ел бесігі» партиялық жобасының жүзеге асырылуы бойынша аудан жұртшылығымен онлайн кездесу өткізілді.
Кездесуді жүргізген аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Н.Оразов «Ауыл ел бесігі» жобасының мақсаты ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға бағытталған жоба. Ауыл қашаннан бері қарапайым қазақтың алтын бесігі болып келді. Бұл ауылдар бүгінгі күнде де өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Әр ауылдың өзіндік мәселелері бар. Біз осы мәселелерді кезең-кезеңімен шеше отырып, ауылда тұруға қолайлы жағдай жасауымыз керек. Бұл жобаны жүзеге асыруда тек мемлекет қаражаты ғана емес, ауылдың атымтай жомарт азаматтары да елеулі үлес қосып келетінін айта отырып, «Ауылына қарап, азаматын таны» деген сөз бар, сондықтан да ауылымыздың гүлденіп, көркейуіне үлес қосу баршамыздың парызымыз екенін жеткізді.
