"ауыл ел бесігі"
Жолбарыс батыр ауылдық округі Кәлпе ауылының шығыс бөлігіндегі темір жол бойында 30 ға жуық үй орналасқан. Бұл үйлер көктем және күз мезгілдерінде жолдың жайсыздығынан қиындыққа душар болып отыратын. Көлік қатынасы қиын болатын, лай батпақтан үйлеріне көлікпен жете алмайтын, үйлеріне жаяу жүріп өтетін. Енді бүгінде "ауыл ел бесігі" бағдарламасы негізінде Тентек көшесіне ұзындығы 1,5 шақырым асфальт жол салынып жатыр, көптін көңілінен шықты, ауыл тұрғындары бұл бағдарламаға және салынып жатқан жолға өте риза.
