Ауыл еңбеккерлеріне құрмет
Салтанатты жиын аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Руслан Сәуменовтің аудан экономикасының күретамыры саналатын аграрлық саланың бүгінгі жетістіктері жайлы баяндамамсымен басталды.

Келесі кезекте аудан әкімі Қайрат Нұртаев кәсіби мереке иелерінің мал басын өз төлі есебінен көбейтудегі, асылдандырудағы, егіннен мол өнім алудағы, балық-байлығымызды игерудегі еселі еңбектеріне тоқталып, аудан экономикасының жақсара түсуіне қосып отырған үлестерін атап өтті. Құттықтау сөзінен кейін еңбекте озат шыққандарды ұлығылады. Құрманғазы ӨК бас маманы М.Меңдешов «Еңбек ардагері» медалімен, «Жалғас» шаруа қожалығының басшысы С.Жалғас Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет Грамотасымен, «Е.Құбашов» шаруа қожалығының басшысы Е.Құбашов «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің бас есепшісі А.Аяшова экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен, өскінжай шебері ІІ дәрежелі «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, бір топ сала мамандарына «Құрметті ардагер», «Еңбек даңқы» төсбелгілері, облыстық кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасы, аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.

