Ауыл азаматтары партиямызға сенім білдіріп, үміткерлерімізге ақ батасын берді.
Ауыл азаматтары партиямызға сенім білдіріп, үміткерлерімізге ақ батасын берді.
Өздеріңіз білетіндей, 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды.Райымбек ауданы, аудандық және облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тегістік, Қарасаз ауылдық округі тұрғындарымен жүздесті.
Кездесуде "Nur Оtan" партиясының Райымбек ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы түсiндiрiлдi.
Маңызды әңгіме өрбіген кандидаттармен кездесу барысында ауыл тұрғыны Талдыбаев Мурат ақсақалдар алқасының төрағасы жан-жағын байыптап, бұл өмірге сергек көзқараспен қарайтын әр адам алдағы сайлауға міндетті түрде баруы керек, өйткені елімізде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отырған басты партияға қолдау көрсетуіміз тиіс деген түйінді сөзін айтып ақ батасын берді .
