Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аумақтық партия филлиалы төрағасының бірінші орынбасарының халықпен кездесуі

Ақкөл ауданының басты міндеттерінің бірі – жұмыспен қамту мәселелерін шешу. Ең бастысы – жұмыс рахат сыйлау керек және өз қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беру керек. Әрине, мамандыққа қызығушылық, мамандыққа кіру мүмкіндіктері және кірістің өсу деңгейі өте маңызды.

• Білім беру – қандай білім беру қажет? Біліктілікті арыттыру қажет пе?

• Алғашқы жұмыс тәжірибесі – осы мамандықтағы алғашқы тәжірибемді қайдан ала аламын? Келесі қадамдарға дейін қанша уақыт өсемін?

• Мансап болашағы – осы мамандықта қандай даму жолдары және мансап болашағы бар? Қайсысы маған қызықты?

• Кәсіптік және жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектерді жұмыспен қамту және орналастыру;

Мәселелі сұрақтар бойынша Ақкөл ауданының тұрғындары мен Ақкөл ауданының Жұмыспен қамту орталығының басшысы Ботагоз Ташеновамен бірігіп Ақкөл ПАФ төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Умирбаевпен кездесуде осы және басқа да басты сұрақтар қаралды. 2020 жылдың 01 желтоқсанына жыл басынан бастап жұмыспен қамту мәселелері бойынша Ақкөл ауданының Жұмыспен қамту орталығына 1053 адам келгенін айта кеткім келеді. Олардың 526-сы жұмыссыз, 77-сі өзін – өзі жұмыспен қамтушы, 976-сы жұмыс іздеуші ретінде тіркелді. Өтініш беріп келгендердің 603-і бос жұмыс орындарына, 343-і инфрақұрылымдыққа орналастырылды. Сондай-ақ 21 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтылды. 48 адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді (тігінші, қазандық қондырғылардың машинисті). Өтініш бергендердің 19-на грант, 25-не шағын несие берілді. Әлеументтік орындарға: 37 адам, жастар практикасы бойынша: 41 адам, қоғамдық жұмыстарға: 175 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту орталығының жұмыскерлерімен Ақкөл ауданының Жұмыспен қамту орталығына келген барлық азаматтардың өтініштері мұқият қаралады және әрі қарай жұмыспен қамту үшін өтініш бергендерге біліміне, біліктілігіне сай бос жұмыс орындары ұсынылады.

0
0
182

Осы тақырып бойынша

Аумақтық партия филлиалы төрағасының бірінші орынбасарының халықпен кездесуі - Yvision.kz