«Аумақтық даму жөніндегі» Қоғамдық Кеңестің отырысы өтті.
«AMANAT» партиясы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бағытында аудандық филиалдың жанындағы «Аумақтық даму жөніндегі» Қоғамдық Кеңестің отырысы өтті. Мейіржан Хабидің төрағалығымен өткен отырыста аудандық экономика және қаржы бөлімінің, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының және жер қатынастар бөлімінің басшыларының есептері тыңдалды. Жауапты мемлекеттік мекемелерге кеңес отырысының қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге тиісті ұсыныстар берілді.

