Аула клуб мүшелерімен онлайн кездесу
Шарада Ерасыл Ғалымов "Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты бағыттары жөнінде баяндады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" мақаласынан бастау алғар бағдарлама бойынша жаңа жобалар жүзеге асты. Кәсіпкерлер мен тұрғындар қалалық және ауылдық елді мекендер инфрақұрылымын дамытуға, жаңа нысандар салуға үлес қосуда. Онлайн кездесуде аула клубтары мұғалімдері Сәуле Рахметова, Жұлдыз Амангалиева, Алма Құсекен, Қуаныш Дакешев бөлім басшысына сұрақтар қойып, бағдарлама ерекшеліктері жөнінде ой бөлісті. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын қабылдаған кездегі негізгі мақсат сана-сезімімізді, ұлттық дәстүрімізді, ұлттық құндылығымызды одан әрі дамыту, сана ашықтығын қамтамасыз ету, туған жерді көркейту. Осының бәрі билік пен қоғам бірге жұмыс істесе, жүзеге асатыны сөзсіз. @ Oral, Kazakhstan
