Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қауіптіліктің ең үлкен түрі — тұрақсыздық!

Қазақ елі жаман емес. Алға жылжып, өсіп келеді. Адымдай ма, аяңдай ма, онысы маңызды емес. Осы жолда бізге тежеу болып, өсуді тоқтататын қара ниеттілер бар. Олар - қоғамдық тұрақтылықты бұзушылар. Олармен құқық қорғаушылар ғана емес, тұтастай қоғам болып күресуіміз керек.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтаған Назарбаев осылай деді.

Көзге көрінбейтін, арам ниеттілерден жасақталған күштік құрылымдар бар. Олардың бар мақсаты- елде тұрақсыздық орнатып, бар нәрсені бүлдіріп, қирату. Бірақ, мұндайларға біз жол бермейміз, олардың алдын орап, жоспарларының күл талқанын шығарамыз.

Ең бастысы, біздің қоғам мұндай сорақылыққа жол бермейміз деген сенімді пікірімізді қолдап, бізге демеу болады деп ойлаймын!

Алайда, қазіргі қоғамның бет алысы, жаһандық геосаяси жағдай бар. Бұлардың барлығы, ел бірлігінің маңызды екенін, ең бастысы - елімізге және ұлттық қауіпсіздікке халықаралық діни-экстермистік ұйымдар дайындаған радикалдық топтар расында қауіпті екендігін көрсетеді.

   
0
0
530

Осы тақырып бойынша

Қауіптіліктің ең үлкен түрі — тұрақсыздық! - Yvision.kz