Ауданымыздың өркендеу-барлық аудан тұрғындарының белсенділігімен жауапты іс-әрекеттері арқылы асады.
Ауданның бекітілген желілік кестесіне сәйкес Үшбұлақ ауылдық клубында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ж.Төлебаев ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Әрбір тұрғынға «Nur Otan» партиясының Күршім ауданы бойынша сайлауалды бағдарламамен таныстырды.
Үшбұлақ ауылындағы тұрғындармен өткен кездесуде Ж.Төлебаев, ауылдың өзекті деген мәселелерімен танысып, оның шешілу жолдары партияның жұмыс жоспарына енгізілетінін айтты. Жиынға қатысушылар тарапынан ендігі кезекте Маралды – Үшбұлақ тас жолын жөндеу бойынша, туризмді дамыту жөніндегі ұсыныстары айтылды.
Сайлауалды бағдарламамен танысқан тұрғындар партияны қолдап, дауыс беретіндерін айтты.
Кездесу барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
