Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауданымыздың мәдениет саласындағы азаматтарға алғыс хаттар табысталды.

Қазіргі таңда халықтың мәдениетін арттыру, өсер ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық өнерімізді дәріптеу мәдениет қызметкерлері арқылы жүзеге асып келеді. Әртістер, суретшілер, музей және кітапхана қызметкерлері, мәдениет бөлімдерінің, мәдениет үйлері мен ауылдық клуб мамандары, көркемөнерпаздар ұжымдары өз еңбектері арқылы елдің рухын көтеріп, адамзат баласына шексіз қуаныш, зор мақтаныш сыйлайды. Бүгін ауданымыздың мәдениет саласында талмай еңбек етіп, ұлттық рухымыздың қуатын, елдік пен ерлігіміздің мұратын айшықтап жүрген іскер азаматтарды құттықтау шарасында, бірқатар азаматтарға аудан әкімі Д. Қалиқанұлы алғыс хаттар табыстады. Аудан басшысы халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген жандарға шығармашылық табыс, мықты денсаулық тіледі. Іс-шара санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілгенін айта кету керек.

0
0
171

Осы тақырып бойынша

Ауданымыздың мәдениет саласындағы азаматтарға алғыс хаттар табысталды. - Yvision.kz