Ауданымызға жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Иманқұлұлы Құлшар келді.
Ауданымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Иманқұлұлы Құлшар аудан орталығы Чапаев ауылындағы тұрғын үй құрылысымен, Жайық жағалауының бекіту жұмыстарымен, Мойылды ауылындағы таза ауыз су құбырының құрылыс барысымен танысты. Сонымен қатар, Чапаев ауылының еңбек ардагерлері, қоғам белсенділері, мекеме және ұйым басшыларымен кездесу өткізді. Жиынға Орал қалалық мәслихатының хатшысы Есентай Ғиниятұлы Қалиев қатысты. Кездесу соныңда аудан әкімінің орынбасары Т.Габдушев келген қонақтарға естелік сыйлықтар табыстады.
