Ауданымызға Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіппен, Динар Нүкетаева іс-сапармен келді.
Өткен аптада ауданымызда болған жаңалықтар аз емес. Солардың бірі әрі маңыздысы, арнайы ауданымызға Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіппен, Динар Нүкетаева және Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл іс-сапармен келді. Аудан халқының тыныс тіршілігімен танысып, аудан орталығынан бой көтерген жаңа ғимараттарды және қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап көрді. Тұмса табиғаты бар ауданның қонақжай, ақжарқын халқын көріп ерекеше ықыластарын білдірді. Сенаторлар, ауданымыздағы қайнап жатқан тіршілікке дән риза болып іс-сапар барысында көтерілуі тиісті мәселелерді талқылады. Шалғай жатқан, шекара ауданда осындай үлкен шаруалардың атқарылып жатқаны еліміздің даму процесінің оң нәтежиесі екенін жеткізді.
