Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауданымызға облыс әкімінің орынбасары Тұрлашов Лаззат Махатұлы арнайы іс-сапармен келді

Өткен аптаның сенбісінде, ауданымызғы облыс әкімінің орынбасары Тұрлашов Лаззат Махатұлы арнайы іс-сапармен келді. Ауданымыздан бой көтерген жаңа ғимараттарды аралап көріп қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан Спорттық сауықтыру кешенін, 83 коммуналдық тұрғын үйдің инфрақұрылым жүйесін, аудан орталығы Нарынқол ауылындағы абаттандыру жұмыстарын, Халыққа қызмет көрсету орталығын т.б нысандардың жұмыс барысын бақылып шықты. Құрылыс нысандарының межеленген уақыттан аспай сапалы әрі озық үлгідегі ғимарат болып пайдалануға берілуі тиіс екенін қатаң тапсырды. 83 коммуналдық тұрғын үйдің инфрақұрылым жүйесінің жұмыстарын басты назарда ұстау керектігін баса айтты. Жалпы қазіргі кезде ауданда жүріп жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп ерекше ықыласын білдірді.

0
0
247

Осы тақырып бойынша

Ауданымызға облыс әкімінің орынбасары Тұрлашов Лаззат Махатұлы арнайы іс-сапармен келді - Yvision.kz