Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауданы әкімі Кашкимбаев Қуанышбек Қалиұлының праймеризге қатысушы кандидаттармен кездесуі

«Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі, аудандық партия филиалы төрағасы Кашкимбаев Қуанышбек Қалиұлы «Nur Otan» партиясының партияішілік праймеризіне қатысушы кандидаттармен кездесіп «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының Сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, кандидаттардың сұрақтарына жауап берді.

Баршаңызға белгілі, ағымдағы жылдың 17 тамыз - 3 қазан аралығында «Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеуі – праймериз өтуде.

Біздің Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 99 үміткер «Праймериз» ақпараттық жүйесінде тіркелді. Қатысуға ниет білдірген азаматтардың қатарына 23,2% әйелдер, 35 жасқа дейін 18,2% жастар, 35 – 50 жасқа дейін 45,5% үміткерлер құрап отыр. Үміткерлер қатарын ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау саласы, кәсіпкерлер мен ауданымыздың қоғам белсенділері және түрлі сала мамандары құрайды.

7 қыркүйектен бастау алған, үгіт-насихат жұмыстарына әр кандидат өзінің жеке кестесіне сәйкес партияластармен әртүрлі форматта 1673 кездесулер өткізді. Сонымен қатар, 17 қыркүйекте басталған пікір сайыстарға белсене қатысып, өздерінің бағдарламаларымен таныстырды.

Құрметті партияластар Ауданымыздағы 9122 партия мүшелері «Праймериз 2020» мобильді қосымша арқылы тіркелуде. Праймеризге онлайн дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді. Осы сайлау науқанына белсенділік таңытып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын.

0
0
151

Осы тақырып бойынша

Ауданы әкімі Кашкимбаев Қуанышбек Қалиұлының праймеризге қатысушы кандидаттармен кездесуі - Yvision.kz