ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына үлес қосатын «Жол картасы» талқыланды

Бүгін, Кербұлақ аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды: 1. «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасын» талқылау; 2. Кербұлақ аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшелерінің жеке жұмыс жоспарын бекіту туралы; Отырысқа аудан әкімі, Ғ. Сарыбаев, аудандық мәслихат хатшысы Қ. Бекиев және аудандық мәслихат депутаттары, БАҚ өкілі қатысты. Сонымен қатар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы SKYPE желісі арқылы қатысты. Аудан әкімі Ғ. Сарыбаев депутаттық фракция отырысын бастап, кіріспе сөз сөйледі. Аудан әкімі өз сөзінде «Жол карта» партияның нақты мақсаттарына негізделген халықтың барлық санаттарын қамтыған құжат екендігін айтып өтті. «Жол карта» ауданымыздың дамуына үлес қоспақ, сондықтанда да Елбасы тапсырмасына сәйкес «Жол картаның» әрбір тармағының орындалуын қатаң бақылауға алу қажеттігін ескертті. «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасын» аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғ. Домбаев таныстырып өтті. Ал, «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы төрағасының бірініші орынбасары, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Г. Камамбаева фракция мүшелерін «Жол картасындағы» қандай іс-шараларға жауапты екендігін және күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша депутаттардың жеке жұмыс жоспарларымен таныстырып өтті. Жиын соңында фракция жетекшісі Г. Камамбаева бағдарламаны орындауды қадағалау– біздің басты назарымызда, осы орайда баршаларыңызды партияның бағдарламасы аясында нәтижелі жұмыс жасауға шақырамын,- деді. «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық маслихаттағы депутаттық фракция отырысын аудан әкімі Ғ.Сарыбаев қорытындылап, бекітілген жоспарға сәйкес іс-шаралар уақтылы әрі сапалы өткізілуін, фракция мүшелері өз құзыретіне сай жұмыстарды ұйымдастыру қажет екендігін ескертті. Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, тиісті шешімдер қабылданды