Аудандық жатаханаларға мониторинг жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту» үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында жатақханаларға мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Комиссия мүшелері орта арнаулы оқу орындарының ағымдағы жағдайымен танысты. Оның ішінде жатақханалар мен ондағы тұратын студенттер саны, студенттердің тұрғын үй алаңымен нормативтік қамтамасыз етілуі, тұрмыстық, компьютерлік техникамен, демалыс орындармен, жеке тұрмыстық жабдықтармен қамтамасыз етілуі жайында талдау жұмыстарын жүргізді.
