Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті
Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен – Қаскелең «Мәдениет» колледжінде «Жастар тәрбиесіндегі назарда болатын өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті. Біздің болашағымыз - жастар. Осы болашағымызды көзі ашық көкірегі ояу, білім сапасы жоғары, халқымыздың асыл қазынасын, салт-дәстүрін сүйетін, ұлтын, жерін, елін қадірлейтін, иманды, инабатты да ибалы, адамгершілігі мол етіп тәрбиелеудің негізі жастық шақтан басталады. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Демек, жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизммен бірге қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ерекше маңызға ие. Қазақстанның әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулық пен бірліктің туын жоғары көтере білсе - патриотизмнің негізі сол болмақ. Елбасы өзінің «Тарих толқынында» кітабында: «Ұлттық бірліксіз патриотизм деген жансыз бірдеңе ғана болып қалады», – деп ұлттық бірлікке ерекше мән береді. Бірлік пен татулықтың маңызына халқымызда бейжай қарамаған. «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Төртеу түгел болса, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер», «Ынтымақсыз – ел оңбас» деп, жас ұрпақтың санасына сіңіріп отырған. Болашақ - білімді жастардың қолында! Кездесуге жастар ресурстық орталығы, жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушылар, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, психология пәнінің мұғалімі, колледж студенттері қатысты.
