Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен – «Аяжан» колледжінде жиын өтті
Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен – «Аяжан» колледжінде «Тұмау және ЖРВИ» тақырыбында ЖРВИ және тұмаумен ауырып қалмау үшін не істеу керек? Жастар арасында денсаулық басты байлық сөзін түсіндіру мақсатында, еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін «Тұмау және ЖРВИ» тақырыбында «Аяжан» медициналық колледжінің студенттерімен онлайн түрде жиын өтті. Жиынға жастар ресурстық орталығы, жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушылар, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, психология пәнінің мұғалімі, колледж студенттері қатысты.
