Аудандық жасөспірімдер спорт мектебі жанындағы ат спортының көкпар тобының аға жаттықтырушысы
АРОНОВ БЕЙБІТ АБДУЛЛАҰЛЫ
Жәнібек аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі жанындағы ат спортының көкпар тобының аға жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының аударыспақтан спорт шебері. 1991 жылы 12 қазанда БҚО Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Т.Жароков атындағы мектепті тәмамдаса, 2014 жылы Орал қаласындағы БҚ инженерлік-гуманитарлық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітіреді. Алғаш еңбек жолын Күйгенкөл ауылындағы Ө.Сахипов атындағы ЖББОМ-де дене шынықтыру пәні мұғалімі болып бастайды. Бейбіт ауыл балаларын күреске баулып, қызығушылықтарын арттырып, шәкірттерін жарыстарға қатыстырады. 2015 жылы әскери борышын өтеп келеді. 2016 жылы Жәнібек аудандық БЖСМ-не көкпар тобының жаттықтырушысы қызметіне ауысады. Жасөспірімдерді көкпар ойынына баулып нәтижесінде аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындардан көріне бастады. 2017 жылы облыстық «Ақбидай» ауыл спорт ойындарында көкпардан 1 орын, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында көкпар, аударыспақ, жамбы атудан БҚО-ның чемпионатында көкпардан 2 орын, аударыспақтан 1 орын алып республикалық жарысқа жолдама алады. Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасы XVIII чемпионатында аударыспақтан 2-ші орын алып, Қазақстан Республикасының аударыспақтан СПОРТ ШЕБЕРІ атанды. 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы атудан ересектер арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионатында, аударыспақтан 1-орын иегері. Аударыспақтан Ақтөбе облысы әкімінің кубогына арналған ашық республикалық турнирдің 2-орын жүлдегері. 2020 жылы Ұлттық ат спорты көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы атудан ересектер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионатында көкпардан Бейбіттің шәкірттері командалық есеппен 2-орын алса, аударыспақтан Бейбіттің өзі тағыда 1-орынды қанжығалады.