Аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ұжымымен кездесу
«Nur Otan» партиясы атынан облыстық және аудандық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар К.Оспанов, К.Досиханов Аягөз аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу кезінде "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының басымдықтарын түсіндіріп, қойылған сауалдарға жауап берді.

