Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау...

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 10 қосымшасына сәйкес, ХҚКО online - режимде, нақты мемлекеттік қызметтерді online-режимде көрсетудің техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда – халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақытын сағат 09-00- 18-00 сағатқа дейін, Call орталықтарының жұмысын сағат 9.00-18.00 сағатқа дейін шектей отырып, оларды қатаң алдын ала брондау бойынша Egov.kz, EgovKZBot 2.0 телеграмм-бот арқылы ұсынуды қамтамасыз ету және аталған Қаулының 10 қосымшасына сәйкес, сағат 9.00 ден 18.00 дейін және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын ұйымдастыру қажеттілігі көрсетілген.

Құрметті аудан тұрғындары!!! Бетперде тағу мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау - басты санитарлық талап. Екі және одан көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде бетперде міндетті түрде тағылуы, әлеуметтік қашықтық (2 метрден кем емес) сақталуы тиіс. Тұрғындар барынша өзін оқшау ұстауға: аралас-құраластықты азайтуға, аса қажеттілік болмаса үйден шықпауға, өзге адамдармен байланысты шектеуге ұмтылғаны абзал. Саулық сақтықта екенін ұмытпай, жақындарымызға жанашыр болайық!
