Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары білім саласы қызметкерлерімен кездесу өтті

«Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г. Камамбаева «Nur Otan» партиясының «БАҚУАТТЫ ҚОҒАМ: ОНЖЫЛДЫҚТЫҢ 10 МАҚСАТЫ» 2030 жылға дейінгі бағдарламасын талқылау мақсатында онлайн форматта білім саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Г. Камамбаева «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы дамыған елдердің қатарына кіру үшін мемлекетті қалыптастырудың тексерілген және сенімді тәсілі болып табылатын 5 институционалдық реформаларға негізделгендігін айтып өтті. Сондай-ақ, бағдарламада көрсетілген әр мақсатқа жеке-жеке тоқталып, алдағы онжылдықтағы біздің негізгі мақсатымыз – әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін сапалы арттыру үшін елді жүйелі жаңғырту керектігін түсіндірді. Жиын соңында жиынға қатысушылар өздерінің ойларын айтып, пікір алмасты.

0
0
140

Осы тақырып бойынша

Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары білім саласы қызметкерлерімен кездесу өтті - Yvision.kz